Құс етін өндіру артады ? Семей

СЕМЕЙ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей өңірінде мал шаруашылығының жақсы дамыған салаларының бірі құс шаруашылығы болып табылады. 2007 жылмен салыстырғанда, былтыр құс етінің өндірісі 25 пайызға өсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құс өсіру шаруашылығымен айналысатын «Ертіс жағалауы бройлер фабрикасы» ірі кәсіпорнына құс өсірудің мажарлық технологиясын енгізудің арқасында жоғарыда айтылған жетістік мүмкін болып отыр. Нәтижесінде бір жылда 6 375 тонна диетикалық ет өндірілген. Кәсіпорын өнімі халықаралық сараптамадан өтіп, «Экологиялық таза өнім» сертификатын алды. Құс еті өндірісінің технологияларын нақты сақтау кәсіпорынға бройлер балапандарына күн сайын 50 грамм және одан да көп салмақ қосуға мүмкіндік беруде. Нәтижесінде, балапандар технологиялық циклдың 42 күнінде 2 килә 200 грамм салмақ жинайды. Мамандардың айтуынша, бройлер фабрикасы инкубатордың, қасапхана мен тоңазытқыштың қуатын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл шаралар өндірісті арттыруға және құс етін өңдеу мен дайын өнім шығаратын технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді. Бұдан былай құс етінің жылдық өндірісі 6-7 тоннамен шектеліп қалмайды, дейді кәсіпорын мамандары.
Соңғы жаңалықтар