Күшіктерге қатыгездік танытқан семейлік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласында полицейлер әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында жануарларға қатыгездікпен қарау дерегін анықтады, деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі.

Абай облысында ер адам жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілікке тартылды
Фото: Видеодан скрин

Белгілі болғандай, 51 жастағы ер адам қоғамдық орында күшіктерді қапқа салып, қараусыз қалдырып кеткен. Оның әрекеті желі қолданушыларының орынды наразылығын тудырды.

— Аталған дерек бойынша полицейлер құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты жануарларға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Полиция жануарларға қатыгездік танытудың кез келген түрі заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Мұндай фактілер қатаң түрде жолын кесетін болады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысында итті көлікпен сүйреген адамның үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар