07:39, 23 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Құстармен соқтығысқан АҚШ вице-президентінің ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні бортында АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс болған ұшақ Нью-Гэмпширде әуеге көтеріле салысымен әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды CNN Пенстің көмекшілеріне сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, оқыс оқиға аспанға көтерілген сәтте орын алған.
Әуе кемесі көз ұзамай «қауіпсіздік шарасы» ретінде жерге қонған. Қазір оны мамандар тексеріп жатыр. Болжам бойынша, Пенс пен көмекшілері Вашингтонға басқа ұшақпен оралады.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Пенс Нью-Гэмпширде сайлауалды іс-шараларға қатысты.