Құтқарушылар 5 газ баллонын үйден шығарып, жарылыстың алдын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Түнде Қарағанды қаласында Лихачев көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.

Алматыда өрт кезінде газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды
Фото: Видеодан алынған скрин

ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар бес газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл — ықтимал жарылыстың алдын алды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында төтенше жағдайлар қызметкерлері сауда ойын-сауық орталығында болған өртті сөндірді.

 

Соңғы жаңалықтар