Құтқарушылар пәтерінде құлап, тұра алмай қалған 73 жастағы әжеге көмекке келді

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық құтқарушылар 73 жастағы әжеге көмекке келді.

 Құтқарушылар пәтерінде құлап, тұра алмай қалған 73 жастағы әжеге көмекке келді
Фото: ТЖМ/видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыарқа даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде 1951 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өз бетінше тұрып, есікті аша алмаған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бұған дейін өскемендік медбике Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақта аллергиясы асқынған адамды құтқарғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар