Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құтқарушылар тауда адасып қалған екі адамға көмектесті

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында таулы аймақта жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. 

құтқарушылар
Фото: видеодан алынған скрин

Белгілі болғандай, күндіз ерлі-зайыптылар саңырауқұлақ теру үшін Комиссаровка шатқалынан Үштау тауына қарай барған. Кейін олармен байланыс үзілген. Оқиға туралы құтқарушыларға олардың немерелері хабарлаған.

ТЖМ іздестіру тобы ерлі-зайыптыларды Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым қашықтықтағы Қаратока кордоны маңынан тапты.

Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар ерлі-зайыптыларды қауіпсіз жерге алып шықты.