Құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өтті - БҚО

АЛ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше облыс құтқарушылары төл мерекесін атап өтті. Ерекше көзге түскендер ҚР Төтенше жағдайлар министрінің атынан марапатқа ие болды.

Құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өтті - БҚО

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қадыр Бисембаевтың айтуынша, биылғы тоғыз ай ішінде төтеншеліктер 1240 рет дабыл бойынша атқа қонып, 355 өрт пен 700-ден астам табиғи жануды ауыздықтады. 1930-дан астам апаттық-құтқару жұмысын жүргізіп, 500-дей адамды құтқарды, 3800-ден астамын көшірді. Әсіресе, құтқарушылар көктемгі су тасқыны кезінде жан аямай еңбек етті. Олардың батылдығы мен кәсіби шеберлігін сол күндері облыста болған ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко жоғары бағалады.

Кәсіби мереке күні сала үздіктері марапатталып, ынталандырылды.