Құтқарушылар Павлодардың теміржол вокзалында бомба іздеді

ПАВЛОДАР. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Павлодардың теміржол вокзалында саперлар жарылғыш затты іздеді.
None
None

Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар ІІД Жедел басқару орталығының «102» нөміріне сағат 17.00 шамасында белгісіз адамнан келіп түсті. Теміржол вокзалынан 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Жарылғыш зат табылмады. Телефон лаңкесі - облыс орталығының еш жерде жұмыс істемейтін, бұған дейін ҚР ҚК-нің 179-бабы бойынша сотталған 38 жастағы тұрғыны «ізі суымай» құрықталды.

Ер адам уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Бүгінде ҚР ҚК-нің 242-бабы, 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар