09:56, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Құтқарушылар жоғалған бес балықшының орнына 15 адамды іздеп тапты
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің пультіне Ұлан ауданындағы Завидное селосынан ВАЗ көлігімен Каменский ауданындағы су қоймасына бес балықшы шығып, қайта оралмағандығы туралы хабар түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оларды іздеуге үш жеңіл автокөлікпен және бір КамАЗ көлігімен жеті құтқарушы шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, 15 балықшы мен 6 автокөлікті тапқан. Өткен түні болған боран олардың қайтатын жолдарын жауап тастаған болып шықты. Құтқарушылар адамдарды жақын жердегі Қанай елді мекеніне жеткізді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.