09:44, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Құтырған ит бес адамды қапты
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанның Жәнібек ауылында ит үш ер азаматты, бір әйел мен 14 жасар жасөспірімді қауып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ит қапқан бес зардап шегуші де кеше, ақпанның 26-сы күні кешқұрым ауруханаға түскен. Дәрігерлердің пайымдауынша, ит құтырған болуы мүмкін. Оқиғаның басқа мән-жайы туралы ешнәрсе айтылмайды.