Құтырған ит қапқан бала көз жұмды - Қостанай облысы

Бес жасар баланы үйіндегі ит қауып алған. Біраз уақыт өткен соң бала ауруханада көз жұмды.
Облыс эпидемиологтары хабарлағандай, тергеу кезінде ереже бұзушылықтар байқалған. Ит тістегеннен кейін алғашқы күндері бала дәрігерлердің бақылауында болмаған. Туыстары иттің сау екеніне сенімді болған. Ауылдағы медицина қызметкері де бұл факті туралы айтпаған, ал ветеринарлар итті тексермеді. Салғырттығы үшін мамандар жазаланды.
«Ветеринарлар итті тексеруге 23 маусымда ғана шықты. Ал баланы 18 маусымда қапқан. 22-сі иесі итті атып тастады. Сондықтан жақсылап тексеру мүмкін болмады. Бірден тексерсек, оның құтырмамен ауырғанын не сау болғанын білер едік», - деді Қостанай облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Байменова.
Ит иесін де қапқан. Осыдан кейін ғана ол жануарын атып тастағын. Қазір ол да емделіп жатыр.
Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен хабарлағандай Ресей азаматы да құтырма ауруын иттен жұқтырған.
«Ер адам Челябі облысында қаза тапты. Бізге оны екі ай бұрын біздің еліміздің аумағында ит қапқаны туралы хабар келді», - деді Сәуле Байменова.