07:58, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
                                        Құтыру диагнозынан бір адам қайтыс болды ? Оңтүстік Қазақстан облысы
                                            АСТАНА.  Қаңтардың  19-ы.   ҚазАқпарат –  Оңтүстік Қазақстан   облысының Отырар  ауданындағы Шойманов ауылының 59 жастағы  тұрғыны   «құтыру»   диагнозынан  қайтыс болды,
                                        
                                        
                                    
                                              
                                                     деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан хабарлағанындай, орталық аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне қаңтардың 5-і күні ер азамат жеткізіледі, жасалған интенсивті ем-домға қарамастан, ол қаңтардың 16-сында көз жұмған. Оған қойылған нақты диагноз ?«құтыру» жұқтыру.
 
Дәрігерлер сырқатпен қарым-қатынаста болған бес адамды анықтап, оларды медициналық бақылауға алды. Ауру ошағында індетке қарсы іс-шаралар жүргізілді.