Құтыру диагнозынан бір адам қайтыс болды ? Оңтүстік Қазақстан облысы

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Шойманов ауылының 59 жастағы тұрғыны «құтыру» диагнозынан қайтыс болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан хабарлағанындай, орталық аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне қаңтардың 5-і күні ер азамат жеткізіледі, жасалған интенсивті ем-домға қарамастан, ол қаңтардың 16-сында көз жұмған. Оған қойылған нақты диагноз ?«құтыру» жұқтыру. Дәрігерлер сырқатпен қарым-қатынаста болған бес адамды анықтап, оларды медициналық бақылауға алды. Ауру ошағында індетке қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Соңғы жаңалықтар