Кувейт киногерлері Өзбекстанда «Мәмлүктер тарихы» атты фильм түсірмек

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Ферғана облысы мен Қоқан қаласының әкімдігі кувейттік «Ebla International» компаниясының басшысы Хилал Арнаут бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ӨзA. 

Кувейт киногерлері Өзбекстанда «Мәмлүктер тарихы» атты фильм тусірмек
Фото: ӨзА

Тараптар 30 бөлімнен тұратын «Мәмлүктер тарихы» фильмінің кейбір бөлімдерін Қоқан қаласында түсіру мәселесін талқылады. Кездесуде Қоқанның туристік әлеуетін әлемге таныту және қаланың тарихи-мәдени байлығын көрсету мүмкіндіктері қарастырылды. Мұнда түсірілетін «Мәмлүктер тарихы» фильмінің бір бөлімі Қоқанның әсем сәулетін, көне ескерткіштері мен мәдени мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру үшін тамаша алаң болады деп жоспарланған.

– Фильмнің Қоқанда түсірілуі қаланың әлемдік туристік картадағы орнын нығайтуға септігін тигізеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Хуршиджон Ахмедов.

Өз кезегінде «Ebla International» компаниясының басшысы Хилал Арнаут өңірдің табиғатына назар аударды.

– Біз Ферғана облысы аумағындағы табиғат, таулар мен өзендердің тарихи ескерткіштерімен үйлесім тауып, мәмлүк дәуірінің ландшафттарын қалпына келтірудің қолайлылығын байқадық. Сонымен қатар экранда тартымды кейіпкер жасай алатын жергілікті актерлерді тартамыз, – деді Хилал Арнаут.

«Мәмлюктер тарихы» фильмінің түсірілімі осы жазда басталады.

Еске сала кетейік, ТМД-ның алғашқы халықаралық кинофестивалі Қазақстанда өтпек. 

Соңғы жаңалықтар