Құзға өрмелеуден Испаниядағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандықтар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Спорттық құзға өрмелеуден Алькобендас қаласында (Испания) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз «жылдамдық» дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Ерлер арасында Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Анна Баларшина, Тамара Улжабаева, Арина Новицкая жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28-31 мамыр аралығында өтеді.
Бұған дейін Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жеткенін жаздық.