КВИ-ге қарсы вакцина қабылдаған жамбылдықтардың саны 7700-ге жетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысына ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Спутник V вакцинасының екі компонентінің 7700 дозасы келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, бүгінгі күнге дейін Спутник V вакцинасының 1 компонентімен 7700 жамбылдық екпе алып үлгерген. Оның ішінде – 4562 медицина қызметкері, 1403 – педагог, 44 – ІІД, ҰҚКД қызметкері, 18 – студент, 1 – әлеуметтік мекеме қызметкері, 11 – мемлекеттік қызметкер, 1661 – басқа да тұрғындар бар.

«Алғашқы егуді алған 7700 адамның 1527-сі 21 күннен кейін Спутник V вакцинасының 2 компонентімен екінші егуді қабылдады. Оның ішінде 1398 – медицина қызметкері, 77 – педагог және 52 – басқалары бар. Барлық егілгендерде вакцинациядан кейін реакциялар мен асқынулар байқалған жоқ» делінген аталған басқарманың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдағы уақытта вакцинациялау вакцинаның аймаққа түсуіне байланысты жалғастырылатын болады.


Соңғы жаңалықтар