02:07, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі өнер жұлдызы әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala батареяларын шығаруды қолға ала бастады. Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған.

"Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi - Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса..." - деп жазады Қ.Болманов.
Айта кетейік, «Бал-бала» компаниясы қазақша сөйлейтін қуыршақтар өндірумен айналысады. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері - қазақ халық фольклорының кейіпкерлері болса, бір бөлігі жан-жануарлар кейпінде бейнеленген.