Қылмысты ашуға көмектескен Ақтөбе тұрғыны марапатталды

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласының тұрғыны қылмысты ашуға көмектескені және ерлік көрсеткені үшін облыстық ішкі істер департаментінің бағалы сыйлығымен марапатталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, азаматтық белсенділігі және қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектескен Ағила Ділмағамбетова ІІД басшылығының алғысхатына және DVD-караоке сыйлығына ие болды.2008 жылғы тамызда ол жаяу жүргіншіні қағып кеткен жол апатына куәгер болған. Ағила өз автомашинасымен қылмыскерді соңынан жүріп бақылап отырып, ұялы телефон арқылы жол-көлік апатының қалай болғанын хабарлаған. Бірнеше минуттан кейін ішкілік ұрттаған жүргізушіні ІІД жол полициясының қызметкерлері қолға түсірді.
Соңғы жаңалықтар