Қылмысты ашуға көмектескені үшін Ақсу тұрғынына полицейлердің атынан сыйақы берілді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстардың алдын алу және ашуға белсенді араласқаны үшін Ақсу қаласының тұрғыны Қайрат Қасенов сыйақымен марапатталды, деп хабарлады қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Қылмысты ашуға көмектескені үшін Ақсу тұрғынына полицейлердің атынан сыйақы берілді

Қала тұрғыны түнгі уақытта өз көлігімен үйіне келе жатады. Әйнектің сынған дыбысын естіген ол, екі ер азаматтың ойыншық дүкенінің сынған сөресінің жанында жүргенін байқады. Жұмсақ ойыншықтарды алған құқық бұзушылар іздерін суытты.

Бірақ Қ.Қасенов ұрыларды үркітіп алмайын деп, сыртынан бақылап, полицияға хабар берді. Оқиға орнына келген шолғыншылар тобына ол қылмыскерлердің қай жерге жасырынғанын көрсетіп, оларды құрықтауға көмек берді.

Ақсу полициясы қала мен оның ауылдық аймағында қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлестері үшін тұрғындарға дән риза.

Үшінші тоқсанда қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлестері үшін қосымша 8 азамат та сыйақымен марапатталды.