Қылмыстық әлемнің «беделдісі» полицейлердің қолына түсті
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Павлодар қаласында есірткі таратумен, кәсіпкерлерді бопсалаумен және жазасын өтеушілерге арналған қылмыстық қорға ақша жинаумен айналысып келген лақап аты «доцент» деген қылмыстық топтың белсендісі ұсталды.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұстау барысында одан 4 оғы бар «ТТ» тапаншасы және аса ірі көлемде героин тәркіленді. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа қатысушыларын іздестіру және есірткі, қару тасымалының арналарын жолын кесу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
«Доцент» 1986 жылы топ болып қыз зорлағаны үшін сотты болған.