Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облыстық басқармасында жеке мәселелер бойынша азаматтар қабылданды

АСТАНА. Тамыздың  3-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -   Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының  орынбасары Михаил Лырчиков  «Нұр Отан»  партиясының  Қарағанды  облыстық филиалы  қоғамдық қабылдауының  меңгерушісі Е.Сардаровпен бірлесіп  комитеттің  облыстық басқармасында  жеке  мәселелер бойынша азаматтарды  қабылдады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облыстық   басқармасында  жеке  мәселелер бойынша  азаматтар   қабылданды

Облыстық   пенитенциарлық  жүйенің   баспасөз қызметінен    хабарлағанындай,   қабылдауға    келген  азаматтарды  негізінен,  сотталғандарды  шартты-мерзімінен бұрын босатуға  қатысты мәселелер,   тергеудегі   тұлғаға     кездесуге  жағдай  жасаудың шарттары,    Қазақстанда   рақымшылық   жасаудың мүмкіндіктері,  сондай-ақ    азаматтардың  қылмыстық-атқару жүйесіне   жұмысқа тұруларымен байланысты  мәселелер   толғандырған.

Қойылған  барлық сауалдарға   егжей-тегжей жауап берілді.