Қылмыстың көбін жұмыссыздар жасайды екен - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының мәліметтері бойынша, 2008 жылдың 11 айында облыс аумағында 7732 қылмыс тіркелді, бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 1,4 пайызға аз,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика басқармасынан хабарлағанындай, 2008 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында тіркелген қылмыстардың құрылымында 29,8 пайызды ? ауыр және аса ауыр қылмыстар құрайды,олардың үлесі, 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 11,2 пайызға артып отыр. Осы кезеңде аталған санаттағы қылмыстар Көксу ауданында - 68,4 пайызға, Қарасай ауданында - 28,2 пайызға, Талдықорған қаласында - 29,8 пайызға өскен. Сондай-ақ аталған кезеңде тіркелген есірткімен байланысты қылмыстардың жалпы саны 2007 жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға төмендеп, 275 оқиғаны құраған. Бөгде азаматтар мүлкін ұрлаудың 2935 оқиғасы орын алған, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 12,2 пайызға жоғары. Сарапшылардың айтуынша, аталған қылмыстарды жасағаны анықталған тұлғалардың 87,8 пайызын жұмыссыздар құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар