11:27, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Қымбат джиптің иесі жол полициясын алдамақ болған - Астана
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Адамнан қулық артылмайды деген осы. Астанада қымбат Porsche Cayenne көлігінің иесі жол полициясын алдамақ болған.
Ол өз көлігіне арнайы құрылғы орнатқан, яғни нүктені басса, машинаның тіркеу нөмірін «көрінбейтін» етіп алған.
Елордалық жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша, «әлгі құрылғы жүргізуші нүктені басқан кезде көліктің нөмірін жабатын пердемен жарақталған». Оған қоса, жүргізушінің алдыңғы жақтағы нөмірге үлдірлі қаптама орнатқаны анықталды. Яғни, бұл айла оған көше қиылыстарындағы фотоаппараттардың қасынан «қысылмай, үлкен жылдамдықпен жүруге мүмкіндік беретін болған.
Бірақ та айлакер жүргізуші құрықталды. Полицейлер оның кім екенін анықтап, оған үлкен сомада айыппұл салды және әкімшілік хаттама толтырды.