Қырағы зейнеткер әйел басқа зейнеткердің ақшасын иеленген алаяқты ұстауға көмектесті - СҚО

иеленіп алған алаяқты қолға түсіруге көмектесті, деп хабарлайды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Қызылжар ауданыдағы Боголюбово ауылының 74 жастағы тұрғынына ауылдастарына тонометрлер сатып алуды ұсынған ер адам күдікті болып көрінді. Белгісіз адам ауылда таксимен жүрген.
Әйел адам көліктің маркасы мен түсіне назар аударып, оның нөмірлерін жазып алды. Содан кейін бұл туралы полицияның учаскелік инспекторына хабарлады.
Оның күмәндануы бекер болмады. Полицейлер жалдау бойынша жұмыс істегенін айтып ақталған көліктің иесін анықтады. Осылайша олар оның көлігін жалдаған адамның мекен-жайын да біліп алды. Анықталғандай, ер адам 83 жастағы зейнеткер әйелді алдау жолымен одан 50 мың теңге алған. 5 мың теңге тұратын тонометрді 50 мың теңгеге сатқан.
Қазіргі кезде Павлодар облысының тұрғыны болып шыққан ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын жоққа шығармайды.