«Қырғи-қабақ соғысы» терминологиясын пайдалануда абай болу керек - журналист Владимир Познер
«Біздің көпшілігіміз «қырғи-қабақ соғысы» жылдарында ер жетіп, өмір сүрдік. Бұл кезең қауіпті болды. Екі қарсылас тараптарда ядролық қарудың болуы фактісінен абырой болғанда, қақтығыс орын алған жоқ, сондай-ақ екі ел бір-біріне шабуыл жасамай, сол кезде бір-бірін тежеу әсері болды. Бүгінде тағы да «қырғи-қабақ соғысы» жайында сөз қозғала бастады. Мен бұл тұрғыдағы терминологиямен абай болу керек екенін айтқым келеді. «Қырғи-қабақ соғысы» идеология нәтижесі болды. Әлемдегі ақыл мен парасаттылықтың тартысы жүріп жатты», - деп тоқталды В.Познер.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде АҚШ пен Ресей арасында қарқын алып келе жатқан күрделі ахуал қалыптасуда. «Алайда, бұл идеология емес. Оны мүлдем басқа мәселеге жатқызуға болады. Бұрынғы «қырғи-қабақ соғысы» кезеңінде әлем елдері тараптардың біріне немесе екіншісіне қарай жақтасқан еді. Қазіргі кездегі жағдайды осылай бағалауға келмейді. Бүгінде көптеген елдер «әрқайсысы өзі үшін» деп айтады. Мәселен, Қытай, Үндістан, Бразилия, Аргентина ешкімге жақтаспай, өз мүдделеріне қарай жұмыс істеп жатыр. Осы орайда жалғастыра берсек, бірыңғай майдан шептері жоқ екенін байқаймыз», - деді В.Познер.