Қырғыз балуандары Павлодарда өтетін халықаралық турнирге қатысады
БІШКЕК. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қаңтардың 22-24-і аралығында Павлодарда өтетін ағайынды Сергей және Иван Ярмоленконы еске алуға арналған халықаралық турнирге қырғызстандық балуандар қатысады.
Жарыстар 1993-1994 жылы туған спортшылардың арасында өтеді. Қырғызстанның атынан 7 спортшы: Көроғлы Ғасанов, Руслан Рахматуллаев ( 42 келіге дейінгі салмақта), Темірлан Таңырықов (54 келіге дейінгі салмақта), Әбсамат Әбдыхалықов (58 келіге дейінгі салмақта), Фарзында Надиров (63 келіге дейінгі салмақта), Виталий Стоцкий (66 келіге дейін) және Арсланбекұлы Бақай (69 келіге дейінгі салмақта) кілемге шығады.