«Қырғыз бен өзбек қазақ экспортына неге кедергі жасап отыр?» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 16 мамыр, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Кейінгі кезде елімізде және елімізден тысқары жерлерде барша қазақстандықтардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары­ның, депутаттық корпус мүшелерінің алаңдаушы­лы­ғын тудырған бірқатар оқиғалар өткені аян. Мәселен, Кувейтте өткен спорт жарыстары кезінде, өз елімізде - Қостанайда, Атырауда, Павлодарда болған бірқатар әлеуметтік шараларда мемлекеттік сим­вол­дарымызға деген тиісті құрметтің көр­сетіл­меуі, тіпті оның өрескел бұзылуы халықтың үлкен нара­зылығын тудырған бо­ла­тын. Сондықтан, мұндай заң бұзу­шы­лықтардың алдын алу үшін оған қатысты әрбір мәселе Мемлекеттік рәміздер жөніндегі рес­публикалық комиссияның назарында болуы тиіс. Кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төр­аға­лық етуімен өткен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі респуб­ли­калық комиссия отырысының өзегі, міне осыған сайды. Отырыс арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінде «Мемлекеттік рәміздерге құрмет - елге құрмет» деген тақырыппен берілген.

Бүгін елімізде заңгерлер съезі өтпек. Мұндай шара тұңғыш рет Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсы­нысы бойынша республикамызда ал­ғаш рет өткізілмекші. Осы жайт арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінде «Замананың  заңдылық зергерлері» деген тақырыппен берілген. «Заңгерлер құрылтайын өткізу­дің басты мақсаты еліміздің бар­лық заңгерлер қауымдастығын біріктіру және мемлекет алдында тұрған маңызды құқықтық міндеттерді шешуде оның ортақ тұғыр­на­ма­сын жасап шығару болып табы­лады», - деп жазады басылым.

***

Балабақшаға қолжетімділік деген бүгінде анау айтқандай оңай болмай тұр. «Жоқ, жоқ» деп жылана беруге де болмас. Бұл саланың көлеңкесіне күн түскелі бері тоң боп қатқан сең қозғалды. Бірақ ертеңгі болашағымыз - балаларымызды  толық балабақшамен қамту үшін әлі біраз жыл кірпіш қалауға тура келетін түрі бар. Иә, «Балапан»  бағдарламасы аясында салынып жатқан балабақшаларға бөркімізді аспанға атып қуанғанымызбен, тиісті мамандар бұл саланы былыққа батырып үлгеріпті. Мысал керек пе? Онда «Алаш айнасы» газетіндегі «Асыра сілтеу науқаны балабақшаларға жетті» деген тақырыптағы мақалаға назар салыңыз.

«Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы үшін әлем чемпионаты тәмамдалды. Хельсинкиде жеті ойын өткізіп, жетеуінде де жеңілістің кермек дәмін татқан хоккейшілеріміз қайтадан бірінші дивизионға түсіп қалды», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Мақала «Ертеңді ойламай, еңсені ездік-ау...» деген тақырыппен берілген. Басылымның «Дода» айдарында бұдан да бөлек спорт тақырыбындағы қызықты мақалалар жарияланған.

***

«Қазақстан соңғы үш жыл бойы ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орын алатындығын мақтан етіп келген болатын. Қазақ елінің жаһандағы осы көшбасшылық тұғырын енді өзбек пен қырғыз  ағайындар шайқалтқалы отыр!», деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санындағы «Қырғыз бен өзбек қазақ экспортына неге кедергі жасап отыр?» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше кеше Үкімет үйінде осындай дабыл қағылған. Өзара бауырластық қатынастарға және халықаралық уағдаластықтарға қайшы келе отырып, осы екі елдің биліктері қазақ ұнының жолына тоспа құруда.

***

«Время» газетінің жазуынша, өткен демалыс күні  «хоргос» қылмыстық ісіндегі басты куәгердің бірінің үйіне шабуыл жасалды. Басылымның атап өтуінше, куәгердің үйіне көлікпен келген бірнеше адам мас кейіппен шу шығарған. Куәгерге берілген күзетшілермен теке-тіресіп, нәтижесінде оқ атылған, күзетшілердің бірі жарақат алған. қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Шабуыл жасағандардың аты-жөндері белгілі болып, бірқатар ұсталды. Олардың қатарында күш-қуат құрылымдарының да қызметкерлері бар.

Соңғы жаңалықтар