19:11, 22 Маусым 2016 | GMT +5
                                        Қырғыз парламентшілері үкіметтің жаңа құрылымын мақұлдады
                                            БІШКЕК. ҚазАқпарат - Жогорку Кенеш отырысында Қырғызстан парламентшілері үкіметтің жаңа құрылымын мақұлдады. Дауыс беру нәтижесінде 96 депутат қолдады, 3-уі қарсы дауыс берді.
                                        
                                        
                                     
                                              Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбековтың пікірінше, енгізілген өзгерістер үкімет жұмысының тиімділігіне ықпал етпек.
Қырғызстан үкіметінің жаңа құрылымында 12 министрлік пен 4 мемкомитет бар. Жаңа мемлекеттік органдар: Ауыл шаруашылығы, Тағам өнеркәсібі мен мелиораци министрлігі, Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитеті, Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік комитеті.