Қырғыз Президенті Қарағанды облысындағы жол апатында қаза тапқан қырғызстандықтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

БІШКЕК. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті 8 мамырдың түнінде Қарағанды облысындағы жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқан отандастарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты,

Қырғыз Президенті Қарағанды облысындағы жол апатында қаза тапқан қырғызстандықтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

деп хабарлайды Қырғыз Басшысының баспасөз қызметінен.

Көңіл айту жеделхатында: «Қазақстанның Қарағанды облысында Қырғызстан азаматтары қаза тапқан көлік апаты туралы хабар жүрегіме ауыр тиді. Қаза тапқандардың отбасыларының басына түскен үлкен қайғыға ортақтасып, бұл апатта жақындарын жоғалтқандарға көңіл айтамын», - деп жазылған.

Қырғызстанның Қазақстандағы Елшілігінің мәліметтерінше, апатта қаза тапқан қырғызстандық Жалал-Абад облысының тұрғындары Ресей Федерациясына бара жатқан.