Қырғыз Үкіметі әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысын көтереді

БІШКЕК. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - 1 мамырдан бастап Қырғызстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кейбір санаттары үшін жалақы көтеріледі. Үкіметтің сәйкес қаулысына ел премьері Алмазбек Атамбаев қол қойды.

Қырғыз Үкіметі  әлеуметтік  қорғау   саласы  қызметкерлерінің  жалақысын  көтереді

Құжатқа сәйкес, 2011 жылдың 1 мамырынан бастап қарттарға және мүгедектерге арналған интернат-үйлердің, балалар үйлерінің, ересектерге арналған психоневрологиялық интернат-үйлерінің қызметкерлері үшін, мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдарды үй жағдайында күтетін әлеуметтік қызметкерлер үшін базалық жалақы көтерілді.

Осы құжатпен аталған санаттағы қызметкерлердің жаңа жалақы жүйесі бекітілген.