Қырғызстан: АҚШ ұшағы апатқа ұшыраған жерде іздестіру шаралары жүріп жатыр

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстан билігінің хабарлауынша, жексенбі күні америкалық отын құю ұшағы апатқа ұшыраған жерде инженерлік техниканы пайдалана отырып, іздестіру жұмыстары жалғасады.
None
None

Бұл туралы ВВС хабарлады.

АҚШ Әскери әуе күштері Транзиттік тасымалдаулар орталығының КС-135 отын құю-ұшағы 3 мамыр күні көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай Қырғызстанның Шу облысы Панфилов ауданындағы шатқалды биік таулардың арасында апатқа ұшырады. «Манас» халықаралық әуежайынан көтерілген ұшақта америкалық үш ұшқыш болған.

Сенбі күні таңертең экипаждың екі мүшесінің денесі табылған еді. Құтқарушылар үшінші ұшқыштың мәйітін және ұшақтың «қара жәшігін» іздестіруде.

Аталған апат бойынша Қырғызстанда қылмыстық іс қозғалды және оны ІІМ-ның Тергеу басқармасы жүргізетін болады.

Соңғы жаңалықтар