07:53, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қырғызстан аумағында жер сілкінді, жер асты дүмпулері Алматы қаласында байқалды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін таңсәріде Қырғызстан Республикасының аумағында жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматы қаласында байқалды.

«2 желтоқсан күні, таңертеңгі сағат 6.24-те Қырғызстан (Балықшы қаласы/Рыбачье) аумағында жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі 10,5 энергетикалық қуатымен Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 91 шақырым жерде орналасты. MSK-64 бағаны бойынша қуаты 2 балл болатын жер асты дүмпулері Алматы қаласында байқалды. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.