09:30, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Қырғызстан аумағында жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қараша күні Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08.35-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 486 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 0-5 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.