Қырғызстан ЕАЭО-да еуразиялық интеграцияны қолдау деңгейі бойынша бірінші орында тұр

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығының есебіндегі мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанда еуразиялық интеграцияға қоғамдық қолдау көрсетудің ең көп деңгейі атап өтіледі.
None
None

2015 жылы ТМД елдеріндегі интеграциялық артықшылықтар бойынша өткізілген зерттеулердің төртінші толқынының қорытындылары ТМД аймағының тоғыз елі - Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінің 11 мыңнан астам азаматтарының арасында жүргізілген сауалнамаға негізделген.

ЕАЭО елдерінде еуразиялық экономикалық интеграцияға оң көзқарас болып отырғаны атап өтіледі. Атап айтқанда, Қырғызстанда одақ елдерінің арасында еуразиялық интеграцияны қоғамдық қолдаудың ең жоғары деңгейі - 86 пайыз тіркеліп отыр. ЕАЭО-ны Қазақстан мен Ресей тарапынан қоғамдық қолдау көрсеткіші - сәйкесінше 80 және 78 пайыз. Беларусь тұрғындарының 60 пайызы және Армения халқының 56 пайызы ЕАЭО-ға қатысуға оң көзқараста. Сонымен бірге, Арменияда елдің ЕАЭО-ға қатысуына салқын қарайтын немесе теріс қарайтындардың саны да өсіп отыр.

Зерттеуде сондай-ақ әзірге ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын елдердің мәліметтері келтірілуде. Осылайша, бірлестікке кіру болашағын қоғамдық қолдайтын елдердің бірі - Тәжікстан (72 пайыз). 2015 жылы Молдовада елін ЕАЭО құрамында көргісі келетін азаматтардың саны өскен - 2014 жылы 49 пайыз болса, биылғы жылы 53 пайызды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар