Қырғызстан ЕурАзЭҚ мүддесіне қатысты бірқатар қаулы қабылдады

БІШКЕК.  Шілденің   14-і.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ -   Қырғыз  Республикасы  Премьер-министрі  Игорь  Чудинов    ЕурАзЭҚ  аясындағы ынтымақтастықты   нығайтуға және  дамытуға бағытталған  бірқатар қаулыға қол қойды, 
None
None

деп   хабарлайды ҚазАқпарат    қырғыз үкіметінің баспасөз   қызметіне  сілтеме  жасап.

Қырғыз Республикасы  Үкіметінің басшысы атап  айтқанда, 2008   жылы желтоқсанның 12-сінде Мәскеуде қол қойылған   Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің  Энергетикалық нарығын    ақпараттық қамтамасыз  етудің   ортақ    жүйесін  қалыптастыру  туралы келісімді бекіту  туралы  қаулыға қол   қойды.

 Сондай-ақ   И.Чудинов    2008   жылы  желтоқсанның  12-сінде қол қойылған    ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің  техникалық    регламенттерін   үйлестірудің     негіздері  туралы  келісімге  өзгертулер   енгізу  туралы хаттаманы  бекіту  туралы қаулыға   да қол қойды.

Соңғы жаңалықтар