Қырғызстан хирургын ешкім шақырған жоқ - вице-министр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Қырғызстаннан маман шақыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қырғызстан хирургын ешкім шақырған жоқ  - вице-министр

«Біз бұл туралы жаңалықтардан естідік. ҚР ДСМ, қалалық Білім басқармасынан шақырту болмаған. Пациенттердің бірі бұл дәрігерді шақыртқан деп естідік. Осы маманмен жеке қарым-қатынас болған болу керек», - деді вице-министр.

Мұның алдында Алматыдағы ұшақ апатынан жапа шеккендерді емдеуге Қырғыз елінен белгілі хирург Сабырбек Жұмабеков әріптестерімен бірге ұшып шықты деген ақпарат тараған болатын.