Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараларды межелеу және шекара бегілерін орнату жөніндегі жұмыстарды жандандыруда

БІШКЕК. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Жогорку Кенештің мәжілісінде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Данияр Үсенов, сәуірдің 15-інен бастап Қырғызстан мен Өзбекстанның арасындағы мемлекеттік шекараларды межелеу және шекара белгілерін орнату жөніндегі жұмыстың жанданатынын хабарлады.

Қырғызстан мен Өзбекстан  мемлекеттік шекараларды  межелеу  және   шекара бегілерін  орнату  жөніндегі жұмыстарды    жандандыруда

Премьердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс соңғы бес жыл бойына тоқтатылған болатын. Министрлер кабинетінің басшысы өз сөзінде атап көрсеткендей, үкіметаралық комиссияның мәжілісінде шекараны анықтау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді. Ертең Қырғызстан облыстарының губернаторларымен болатын кездесуде оңтүстік өңірдің шекарасы нақтыланатын болады.

Д.Үсенов сондай-ақ, қазіргі таңда Қытаймен және Қазақстанмен арадағы осындай жұмыстардың аяқталғанын атап көрсетті.