Қырғызстан Парламенті борышкерлердің елден шығуын уақытша шектейтін заңның жобасын мақұлдады

БІШКЕК.   Қарашаның 12-сі.  ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -   Бүгін  Жогорку Кенеште «Атқарушы  өндіріс  және  Қырғыз  Республикасындағы сот  орындаушыларының    мәртебесі  туралы»  Қырғыз  Республикасының    Заңына   толықтырулар  енгізу  туралы»     заңның  жобасы    қабылданды.

Қырғызстан  Парламенті   борышкерлердің елден   шығуын  уақытша шектейтін     заңның  жобасын  мақұлдады

Парламенттің баспасөз қызметінің  ақпараты  бойынша,     заң  жобасының мақсаты     қолданыстағы заңнаманы  жетілдіру  және   сот   орындаушыларының атқарушылық  іс-қимылдарын,  сондай-ақ     борышкерлерге  соттың    шешімдерін мәжбүрлеп  орындатудың  шараларын   нақтылай  түсу  болып  табылады.

Борышкерлердің     Қырғызстаннан   шығуын  уақытша шектейтін   нормаға  деген қажеттілік,   соңғы   кезде     борыштардың  қайтарылмауы    туралы  сотта қаралып   жатқан  істердің  көбеюінен  туындап отыр. Банк заемшылары,   кәсіпорын  борышкерлері мен  жекеменшік тұлғалар көбіне    борыштарын өтеуді   міндеттеген  сот шешімінен кейін де,  Қырғызстаннан тыс  жерлерде   қашып жүреді.     

 Бүгінде 859    борышкер іздестіріліп жатыр.