Қырғызстан Президенті Қ.Бакиев пен Азиялық Даму банкінің ресми өкілі су-энергетика ресурстарының пайдаланылуын талқылады
ІШКЕК. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев кеше, наурыздың 18-і күні Азиялық Даму банкінің Орталық және Батыс Азия департаментінің бас директоры Хуан Мирандуды қабылдады.
Кездесу барысында Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселесі бойынша, атап айтқанда, су-энергетикалық ресурстарды пайдалану, сауда саясаты, көлік және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, банк пен Қырғызстанның арасындағы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды.