Қырғызстан президенттінен үміткерлер саны 30 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясына қазіргі сәтте президенттік сайлауға қатысу үшін 30 өтініш түсті, деп хабарлады «Кабар» Қырғызстан Республикасы ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Олардың деректеріне сәйкес «Тұрақты халық кеңесінің» төрағасы Әзімбек Бекназаровтан өзін-өзі ұсыну жолымен президент лауазымына кандидат ретінде тіркеу туралы өтініш түскен.

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткерлерден 25 өтініш түсті: Н.Нышанов, О.Текебаев, А.Абдылдаев, Б.Дегенбаев, С.Сұлтанидинов, К.Шаршекеева, Т.Масадыков, О.Бабанов, Р.Қарасартова, Тұрсынбай Бакир уулу, З.Мұратбекова, С.Энназаров, С.Абдрахманов, М.Чолпонбаев, К.Чороев, А.Сартаев, К.Бешбаков, И.Трофимов, М.Жұмабеков, У.Кочкоров, Н.Мамедов, Р.Жунусов, Шерикул уулу Мирлан, А.Малиев және Ә.Бекназаров.

Темір Сариев «Ақ-Шұмқар» партиясынан, Бакыт Торобаев «Онугуу-Прогресс», саяси партиясынан, Тұрсынбек Акун «Адам укугу» саяси партиясынан, Адахан Мадумаров «Бүтүн Қырғызстан» саяси партиясынан, Сооронбай Жээнбеков «Қырғызстан Социал-демократиялық партиясынан».

Соңғы жаңалықтар