Қырғызстан Үкіметі Кеден одағына ену үшін белсенді жұмыс істеуге мүдделі

Қырғызстан үкіметінің өкілі Халықаралық валюталық қормен арадағы ынтымақтастық деңгейінің қанағаттанарлық екендігін атап өтті.
А.Мұралиев Халықаралық Валюталық қордың атқарушы кеңесіне жақында ел ішінде болған саяси оқиғалардың кері әсерінің алдын алуға көмектесу мақсатымен Қырғызстан Республикасы үшін жедел несиелендіру тетіктері аясында 33,73 миллион АҚШ долларын бөлу жөніндегі мәселені қолдағаны үшін алғысын айтты. «Бұл ел экономикасын реттеу мен тұрақтандыруда айтарлықтай көмек», - деп атап өтті ол.
А.Мұралиев Халықаралық валюталық қор өкілдерін елдегі экономикалық жағдай мен алдағы парламенттік сайлау туралы ақпараттандырды.
Сонымен қатар, А.Мұралиев Қырғызстанның Кеден одағына енуіне қатысты жоспарларымен бөлісті. «Біздің мемлекет Ресей, Беларус және Қазақстанның Кеден одағына қосылу немесе оған ену туралы бас тарту мәселесін өзекті етіп отырған жоқ. Алайда Кеден одағы аясында сауда жасауға мүдделіміз. Және де бізге Кеден одағына ену мәселелері бойынша белсенді жұмыс істеу керек», - деді ол.
Өз сөзінде Д.Оуэн қырғыз тарапына қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, Қырғызстан үкіметінің қазіргі таңда макроэкономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету саласында дұрыс жол таңдағандығын айтып өтті. «Біз сіздердің елдегі экономкалық жағдайды тұрақтандыру бойынша қолға алған іс-қимылдарыңызды қолдаймыз. Сіздер дұрыс мақсат қойып, керек міндеттерді анықтадыңыздар», - деді ол.