Қырғызстанда 80 жастағы мұғалім диплом алысымен жұмыстан босатылды

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қырғызстанның ең егде жастағы студенті, 80 жастағы  жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломын алды.

Алайда қуанышы ұзаққа созылмады: дипломы бар білікті маман жоғары білім туралы дилом қолына тиген күннің ертеңіне жұмыстан босатылды.

КТК хабарлағандай, Людмила Александровна сурет өнерінен сабақ беретін мектепте зейнеткерді демалысқа жіберуді жөн көріпті. Оның орнына жас маманды жұмысқа қабылдаған. Жасы келген түлек көз жасын көл қылуда: «Мен оқып жүргенімде барлығы «саған мұның қажеті қанша» деген болатын. Ал мен болсам, өз күшіме сеніп, осы жасымда білім алуға шамам келеді деп қуанған едім. Маған «өтініш жаз» деді. Мен «қысқартуға ма» деп едім, «жоқ, өз еркіммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын» деп жаз» деді».

Ең ересек студент университеттегі оқуын бітіргеннен кейін жоғары білімі бар маман ретінде жақсы жұмысқа орналасамын деп сенген екен. Людмила Титоваға жалғыз ұлы, екінші топ мүгедегін емдеу үшін ақша ауадай қажет. Алайда шенеуніктер, біріншіден, жас мамандарға жол беру керек, екіншіден, мектеп бағдарламасында сурет өнерінің бұрынғыдай міндетті пәндердің қатарына кірмейтіндігін айтқан.

Дегенмен Білім министрлігі зейнеткерге көмектесуге уәде беріпті. Шенеуніктер дипломы бар маманды балаларға білім беретін жеке орталықтарға ұсынып көрмекші.


Еуразия бірінші арнасы

Соңғы жаңалықтар
telegram