Қырғызстанда A/H1N1 тұмауымен ауырудың 38 оқиғасы тіркелді
БІШКЕК. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қазіргі таңда Қырғызстанда A/H1N1 тұмауымен ауырудың 38 оқиғасы ресми тіркелді.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сабыржан Әбдікәрімов хабарлады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, алты науқас стационарда ем қабылдап жатыр, тағы 32 адам сауығуларына байланысты, ауруханалардан жазылып шықты. Жоғарыда аталған 38 оқиғаның 24-інде вирусты еңбек мигранттарының сырттан әкелгені айтылып отыр. «Доңыз тұмауының» алдын алу және бақылауды күшейту мәселелері қазір үкіметтік деңгейде талқылануда.