Қырғызстанда арнайы қызмет өкілдері Қ. Бакиевты ұстау жоспарын құруда

АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстанның күш құрылымдары, елдің уақытша үкіметінің қолдауымен, орынтағынан тайдырылған республика басшысы Құрманбек Бакиевты ұстау мақсатымен арнайы операция өткізуді жоспарлаған.

Қырғызстанда арнайы қызмет өкілдері Қ. Бакиевты ұстау жоспарын құруда

Бұл туралы журналистерге ел уақытша үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаев жария етті, деп хабарлайды РБК.

Қазір осы операцияны бастау туралы мәселе шешілуде: Қырғызстан үкіметі қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындар тарапынан жаңа құрбандықтарға жол берілуінен қауіптенеді. А. Атамбаев Қ. Бакиевты өзін қорғау үшін шерулер ұйымдастырып, жақтастарын «ұятқа қалдыруда», деп мәлімдеді.

Қ. Бакиевтың егер кімде-кім өзінің өміріне қауіп төндірсе, онда ел «қанға боялады» деп уәде бергенін еске саламыз. «Егер оппозиция күш қолданар болса, менің жақтастарым олардың қимылына қарсы шығады, ал бұл қантөгіске ұшыратады», - деп сендірген болатын орнынан алынған республика басшысы.

Құрманбек Бакиев уақытша үкіметтің заңдылығын мойындаудан бас тартқан-ды, алайда өзінің келіссөз үстеліне даяр екенін де мәлімдеген еді.

Бұған дейін Қырғызстанның уақытша үкіметі 81 адамның өлімі үшін жауапкершілікті Қ. Бакиевке жүктейтінін хабарлаған болатын.