Қырғызстанда аза тұту шаралары өтіп жатыр

БІШКЕК. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қырғызстанда сәуірдің 7-сінде болған оқиғаның құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр. Сәуірдің 10-ы - Аза тұту күні деп жарияланды.

Қырғызстанда аза тұту шаралары өтіп жатыр

Бүгін таңғы сағат 9-дарда Үкімет үйінің жанына бірнеше жүз адам жиналды. Алаңға жиналған қауым бұқаралық толқу кезінде қаза болған 16 адам жерленген «Ата Бейіт» мемориалдық кешенінің басына барып, құран оқыды. Бұл шараға уақытша үкіметтің мүшелері Роза Отынбаева, Өмірбек Текебаев және Темір Сариев қатысты.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Р.Отынбаева, сәуірдің 7-сі Қаза болғандарды еске алу күні деп жарияланатынын атап көрсетсе, Ө.Текебаев, елдің жаңа үкіметі демократиялық мемлекет құратынын, үкімет халықты алдайтын болса, оларды «ата-баба аруақтары» ұратынын мәлім етті. Қаза болғандарды ақтық сапарға шығарып салуға 6-7 мыңдай адам келді.

Қазіргі таңда мәйітханада тұлғасы анықталмаған 6 адамның денесі жатыр, 54 адамның денесін туыстары жерлеуге аймақтарға алып кетті.

Соңғы мәліметтер бойынша, толқу кезінде 79 адам қаза болған, 1,5 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған.

Уақытша үкімет қаза болғандардың отбасыларына 1 миллион сомнан (22,2 мың доллар) көмек көрсетуді жоспарлап отыр.