Қырғызстанда бағаны ұстап тұру үшін жәрмеңкелер өткізу жоспарлануда

БІШКЕК. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан Үкіметінде азық-түлік тағамдарының бағасын ұстап тұру мәселесіне қатысты жұмыс кеңесі болып өтті.
None
None

Кеңес барысында бірінші вице-премьер-министр Өмірбек Бабанов азық-түлік базарындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жүзеге асыруды ұсынды.

Ө.Бабанов Қырғызстан Республикасының облыстық әкімшіліктерінің, аудандар мен қалаларының басшыларына халыққа делдалдардың қызметінен бұрын жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерден азық-түлік тауарларын төмен бағада сатып алуға мүмкіндік беру үшін, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін апта сайын өткізіп тұруды ұсынды. Осыған байланысты облыстық және аудандық әкімшілік басшыларына жәрмеңкелердің өткізу орындарын анықтап, көліктердің қайда тұрақтанатынын белгілеу үшін онкүндік мерзім уақыт берілді.

Соңғы жаңалықтар