Қырғызстанда Құқық тәртібін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаева өз өкімімен республикада Құқық тәртібін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрды,

Қырғызстанда  Құқық тәртібін және қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  комиссия  құрылды

деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.

Комиссияға министрлер кабинеті төрайымының бірінші орынбасары Армазбек Атамбаев жетекшілік етеді. Комиссия елдегі жағдайды тұрақтандыру және қылмыскерлерді іздестіру үшін, ұлтаралық алауыздық тудырушылар мен қорқауларды ұстау мақсатында құрылып отыр.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, Бішкек пен оның төңірегіндегі елді мекендердегі жағдай тұрақтанды.