Қырғызстанда лай көшкіні 10 үйді басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 30 сәуір күні Үзген ауданы Жалпак-Таш ауылдық округінде лай көшкіні жүріп, 10 үйді басып қалды. Бұл туралы 24.kg Қырғызстан ТЖМ сілтеме беріп хабарлады. 

Мекеме деректеріне сәйкес, елді мекенде 61 үй орналасқан, оның 10 үйі лай астында қалды. Тағы төрт әлеуметтік нысан - мектеп, балабақша, мешіт және фельдшерлік-акушерлік пункт қауіп алдында тұр. Бұған дейін апаттың болуы туралы барлық тұрғындарға ескертіліп, оларды қауіпсіз жерге көшірді және 15 шатыр тігілді.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 29 сәуірінде Ош облысы, Өзген ауданы, Зергер ауылдық округының Аю ауылында адам шығына әкеп соққан лай көшкіні жүрді. 30 сәуір Қырғыз Республикасындағы Аза тұту күні болып жарияланды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан президентіне көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram