Қырғызстанда сәуірдің 10-ы Аза тұту күні деп жарияланды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Қырғызстанда сенбі, сәуірдің 10-ы қаза болғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлады «КАБАР» агенттігі. Бұл туралы тиісті қаулыға елдің уақытша үкіметінің басшысы Р.Отынбаева қол қойды.
Белгілі болғандай, тәртіпсіздіктер кезінде және үкіметтік күштермен шерушілердің қақтығысында 75 адам қаза болды, мыңнан астам адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.
Жұма күні тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған үш адам жерленді.