07:41, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Қырғызстанда сәуірдің 9-ы мен 10-ы Аза тұту күндері деп жарияланды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Сәуірдің 6-7-сі күндері болған оқиғалар барысында қаза болғандарды еске алу мақсатында Қырғызстанда сәуірдің 9-ы мен 10-ы Аза тұту күндері деп жарияланды.
Бұл күндері жалаулар түсіріліп, республика бойынша аза тұту іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отунбаеваның хабарламасына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 адам қаза болған, 1 мыңнан астам зардап шеккен. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Р.Отунбаева қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек беруге уәде еткен.